«DULATY START-UP- 2024: STUDENT ENERGY CHALLENGE» БАЙҚАУЫ

Дулати университеті қабырғасында «DULATY START-UP-2024: Student Energy Challenge»  атты командалық зияткерлік стартаптар байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастыру комитеті: Коммерцияландыру бөлімі және Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім.

Байқаудың мақсаты  – стартаптарды қолдап, энергетикадағы жаңа технология, экология және шығындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша үздік жобаларды анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.

Байқауда Тараз қаласындағы «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамының директоры Бекдауыл Ипдилдаев,«Интергаз Орталық Азия» АК «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының бас инженері Қуанышбек Нурекеев, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев,Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің сынактау зертханасының басшысы Жахангер Назарбеков және «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, Химия ғылымдарының докторы, 2023 жылғы «Kazenergy:«Student Energy Challenge» байқауы жеңімпаздарының жетекшісі - Маржан Қалмаханова төрелік етті.

Байқауды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, энергетика және экология саласы бойынша өткізіліп отырған стартаптың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Республикасының аймақтарындағы экологиялық, энергетикалық сала мәселелерін шешуге бағытталған жобалық байқау екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жүлде қоры қатысушылардың жобаларын дамытуға алғашқы инвестиция ретінде қызмет етуіне тілекші екенін жеткізді.

Байқауда 18 бен 25 жас аралығындағы студенттерден құралған 11 команда бақ сынап,өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра, қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. Жобаны көрсету үшін жобаның қысқаша сипаттамасы, кезеңдері, процесі, технологиясы, нәтижесі және т.б. қысқаша сипаттамасын қамтитын жоба паспортын визуализациялау үшін командалар дайындаған презентация ұсынылды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.Үздік шыққан командаларға жүлде қоры - 500 000 теңге құрайтын ақшалай сыйлықтар және жеңімпаз команда «KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауына жолдама алады.

Байқау демеушісі: Тараз қаласындағы «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы.

Байқау нәтижесі бойынша эксперттік комиссия келесідей шешім қабылдады:

орын–  DULATY ENACTUS командасы- 200 000 тенге
II
орын–  HEXAGON командасы-150 000 тенге (Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Физика және Информатика» кафедрасының студенттері)

III орын – ECOSTART командасы 100 000 тенге (Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Физика және Информатика» кафедрасының студенттері)

Сондай-ақ, жеңімпаз DULATY ENACTUS командасы «KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауына жолдама алды. Байқау соңында қатысушылар университет ұжымы мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп,сайыстың тартысты өткенін жеткізді.

стартап гнов2222

150К новый

100К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прочитано 652 раз
Top