ҒАЛЫМДАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА БАС ҚОСТЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Темірхан Бижігітұлының 70 жасқа толуына орай «Конденсацияланған ортаның физикасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

Конференцияның мақсаты –  ғалымдардың білім беру жүйесіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, үлкен бедел мен сый-құрметке ие болып отырған Темірхан Бижігітұлының білімі мен ғылымын жастарға өнеге ету.

Конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы арнайы құттықтап, түрлі тақырыпта ғылыми баяндама жасады.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып,ғалымның оқу-білім жолында атқарған еңбегі мен университеттің дамуына қосқан елеулі еңбектері туралы сөз қозғады. Профессордың 120-дан астам оқу-әдістемелік еңбектің, оның ішінде инновациялық технологиялар бойынша 100-ден астам жұмыстың авторы екенін ерекше мақтанышпен жеткізді. Шетелдік импакт-факторы бар журналдарда 15  ғылыми мақаласы, Scopus журналында (Q2,Q3) 7 мақаласы жарияланып, 5 монографиясы баспадан оның екеуі ағылшын тілінде жарыққа шыққанын тілге тиек етті. Көптеген еңбектері бүгінгі күні де өзекті екенін атап, ғалымға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, естелік сыйлықтарын табыстады. 

Темірхан Бижігітұлының ұйымдастырушылық дарыны, кәсіби біліктілігі, қажырлы еңбегі мен қоғамның зияткерлік тұрғыда дамуына қосқан зор үлесі жоғары бағаланып, әлемге әйгілі ғалым, академик Н.Н. Сиротаның жетекшілігімен «Жоғары қысыммен (0-30)к төменгі (90-300)к температурадағы мұздың фазалық диаграммасы»  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Профессор Темірхан Бижігітұлы алғаш рет мұздың төменгі температурасы мен жоғары қысымдағы фазалық диаграммасын анықтап, мұздың XII модификациялық  жаңалығын  ашқан ғалым.

Мерейтой иесіне арналған конференция  аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің төрайымы, физика-техникалық факультеттің деканы, ф-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрзада Әбдібекқызы «Борн-Инфельдтің жалпыланған электродинамикасы шеңберіндегі магнетарлардың жарықтың қисаюы: Гаусс-Бонне теоремасынан алынған тұжырымдар» тақырыбында, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Бимурат Сағындықов «Жалпы комплекс сандардың екі өлшемді алгебрасы және қолдану әдісі» тақырыбында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Серікбаев «Обратные задачи фотометрии» тақырыбында, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚР ҰА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,Физика және астрономия бойынша Скопус халықаралық сыйлығының иегері Ратбай Мырзақұлұлы «Избранные проблемы современной теоретической физики» тақырыбында арнайы баяндамалар жасады.

Барша сөз алған  әріптес-замандастары профессордың тамаша ұйымдастырушылық шеберлігі мен жоғары кәсіби біліктілігі туралы, ғылымдағы еңбегі айшықталып, шәкірттері үшін үлгі екенін жеткізді. Сонымен қатар еліміздің ғылымы мен білім сапасын арттыруға қосқан орасан зор үлесін атап өтті. Арнайы келген қонақтар ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Ал, мерейтой иесі жеткен жетістігі тұлғалық ерекшеліктен өзге, көпшіліктің қолдауының арқасында болғанын айтты. Темірхан Бижігітұлы университет басшылығына ерекше алғысын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

бижиготов1111

бижиготов2222

юижиготов3333

бижиготов4444

 

 

Прочитано 563 раз
Top