ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасы педагогтерге арналған «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» атты Халықаралық онлайн-байқауын өткізді.

Байқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті  цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында өтті.

Халықаралық онлайн байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері қатысты.

 Халықаралық онлайн байқаудың мақсаты – цифрлық-коллаборациялық кеңістікте креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін және шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

Онлайн-байқауға қатысқан болашақ педагогтер «ЕDUCAPLAY», «ROQED», «GENIALLY», «FLIPPITY, «Learningapps.оrg», «Classroom Screen», «Classroom платформасы», «Worldwall», «Сanva», «Learningapps» және т.б. платформалардың артықшылықтарын аша алды.

Дулати университетінің студенті Асқарбек Әсемай «ЕDUCAPLAY» платформасының ерекшеліктерін жан-жақты ашып, 1-орынды иеленді (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы).

Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті   Батенева Яна «ROQED» платформасының артықшылықтарын шебер аша алғандықтан жүлделі 1-орынды иеленді (Ғылыми жетекшісі: Шарыпова Надежда Владимировна).

Халықаралық онлайн-байқауда жүлделі 2-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттері иеленді: Сарыпбек Қымбат «Жасанды интеллект» платформасы және Сұлтан Ұлбике «Learningapps.оrg» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы), Биғалиқызы Мадина «GENIALLY» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Сурабалдиева Бахыт Турсыновна), Қазбек Ақмейір «FLIPPITY» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Бупетаева Сауле Жакиповна).

Халықаралық онлайн-байқауында жүлделі 3-орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері иеленді: Миятбек Әдеміай «Classroom Screen» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы), Жорабекқызы Айғаным «EDUCAPLAY» платформасы, Амангелді Алпамыс «Classroom платформасы», Канапиева Карина «PowerPoint» платформасы, Төреқұл Арайлым және Инкарбек Жанерке «Worldwall» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Бупетаева Сауле).

Халықаралық онлайн-байқауда цифрлы платформаны оқыту процесінде тиімді пайдаланудың инновациялық әдістемесін көрсеткен Ж.А.Ташенов атындағы университеттің студенті  Ирисдавлетова Гулноза (Ғылыми жетекшісі: Қозыкеева Райхан) жүлделі 3-орынды иеленді.

Үздік деп танылған 28 қатысушының жұмыстары Жоба аясында арнайы ашылған https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталына салынды.

Болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыруды мақсат тұтқан «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» Халықаралық онлайн-байқауының болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуда қосқан үлесі қомақты болды.

бузаубакова1111

 

 

Прочитано 513 раз
Top