ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН-ФОРУМ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен Maqsut Narikbayev University ұйымдастыруымен «Қаржы пирамидаларын қалай анықтаға болады?» тақырыбында онлайн –форум өтті.

Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мадиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, облыстық әкімдіктердің, Астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың басшылығы, белгілі медиа тұлғалар мен танымал блогерлер қатысты. Форумды онлайн режимде Қазақстанның 35 жетекші жоғары оқу орындарынан оқытушылар мен студенттер тыңдады.

Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, интернет желісіндегі құқыққа қарсы контент жарияланымдардың алдын алу, әлеуметтік желілердегі заңбұзушылық, салық төлеу, заңсыз контентті жарнамалауға тыйым салу тақырыптары талқыланған форумға жастар қозғалыстары мен волонтерлар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Форумның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпараттық цифрлы мәдениетті қалыптастыру.

Форум барысында белгілі блогерлер, қаржы аналиктері, мемлекеттік органдардың өкілдері алаяқтық жобаларды жарнамалағаны үшін жауапкершілік, әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы контентті тарату туралы пікір таласты. Медиа тұлғалар үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері мен қандай жарнама үшін заңмен жаза қарастырылатыны түсіндірілді.

Бүгінгі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталған.

Форум қатысушыларына қаржылық пирамидалардың арбауына түсіп қалмау үшін халықтың қаржылық, құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру керек екені түсіндірілді. Мұндай қиындықпен қарсы келген жағдайда белгілі заң орындарына жүгіну керектігі жеткізілді.

форум1111ъ

форум2222

форум333

 

 

Прочитано 476 раз
Top