КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ашылуына байланысты кәсіби бағдар беру семинары өтті.

Семинарға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Су шаруашылығы институтының деканы Ғалия Омарова, Химия және химиялық технологиялар кафедрасы меңгерушісі Маржан Қалмаханова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқарма төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов  көктемгі су тасқыны кезеңінде мемлекет үшін қиындықты еңсеру оңайға соқпағанын жеткізді. Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярларлайтын білім ордасы болатынын тілге тиек етті.

ҚазҰСШИУ-да «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдау басталады.

2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді. Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушыны құрайды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

семинар1111

семинар2222

 

Прочитано 491 раз
Top