FREEDOM GRANTS БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants білім беру жобасы басталды!

Жаңа жоба аясында Freedom Bank Дулати университетіне қосымша білім гранттарын береді.

Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет: 

1) 1 - 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;

2) 14 - 18 тамыз – Instagram-да Банктің  парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

3) 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады.

Конкурсқа келесі факультеттердің мамандықтары қатысады:

Білім беру саласының коды және жіктелуі

Білім беру бағдарламасының атауы

6В04 Бизнес, басқару және құқық

6B04128-Менеджмент;

6В04112-Бизнес менеджменті; 6В04114- Мемлекеттік және жергілікті басқару;

6B04118-Бизнес экономикасы;

6В04111- Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салуы;

6В04117 –Қаржы;

6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B06111 – Информатика және компьютерлік ғылымдар;

6B06113- Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу;

6B06114 - Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

6В11 Қызмет көрсету

6В11114-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі;

6В11111- Туристік бизнес

Freedom Grants - талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.

Толық шарттарды сілтемеден https://bankffin.kz/kk/freedom-grants? немесе Дулати университетінің қабылдау комиссиясынан біле аласыз.

 

Прочитано 365 раз
Top