ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесті.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов: -Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер жасауға бағытталған жолдау болмақ. Бүгін университетіміздің қабырғасына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Нұржанұлы жұмыс сапарымен келді. Кездесуіміз мемлекет басшысының 2024 жылдың 2-қыркүйегінде "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында болмақ,- деген сөздерімен ашты.

Басқосуда Мәлік Нұржанұлы Президенттік стратегияның негізгі бағыттары экономиканы жаңғырту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ, ғылым мен білім саласын дамыту бойынша біршама мәселелер қозғалып, цифрландыру және адам құқығы туралы Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Студенттер тарапынан Мәлік Нұржанұлына жолдауға байланысты сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер жайында сөз қозғалды.

Жиын соңында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов Президиент кеңесшісіне алғыс айтып, жолдауға қолдау білдіруіміз керектігін тілге тиек етті. Жолдауды іске асыруда жастарды белсенділік танытуға шақырды.

кенесшы11111

кенесшы22222

кенесшы33333

кенесшы4444

кенесшы55555

кенесшы666666

кенесшы77777

 

Прочитано 379 раз
Top