ХАБАРЛАНДЫРУ!!!!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

«ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫ 2024 ЖЫЛҒЫ 11 ҚЫРКҮЙЕККЕ АУЫСТЫРЫЛАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ.

Құжаттарды қабылдау мерзімі а.ж. 10 қыркүйекке дейін ұзартылады.Конкурсқа қатысу үшін Ғылыми-зерттеу қызметі бөліміне Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келетін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • a) өтініш берушінің өтініші;
  • b) мінездеме-ғылыми зерттеу тақырыбы көрсетілген кафедра/ғылыми зертхана меңгерушісінен ізденушіге ұсыныс;
  • c) институттың/факультеттің ғылыми кеңесінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ-да Тегі, Аты, Әкесінің аты толық атаулы жағдайда, жұмыс өтілі көрсетілген конкурсқа қатысу үшін ізденушіні ұсыну туралы шешімінен үзінді;
  • d) өтініш берушінің жеке басын растайтын паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
  • e) ғылыми хатшы куәландырған ғылыми еңбектер тізімі;
  • f) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе тең авторы екенін растайтын қазақстандық және шетелдік патенттердің көшірмелері;
  • g) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда ізденушінің басшылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • h) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-техникалық конкурстық іс-шараларда (өз бетінше немесе ғалымдар ұжымдарының құрамында), оның ішінде гранттар мен субсидиялар алуға жүлдегер немесе жеңімпаз болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • i) Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы мен бағдарламасы (ГҚ конкурстық құжаттама өтінімінің талаптарына сәйкес).
Прочитано 423 раз
Top