ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ Д.И.МЕНДЕЛЕЕВ АТЫНДАҒЫ РХТУ ФИЛИАЛЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге РФ Президенті жанындағы ғылым және білім саласындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Александра Глазкова, РХТУ ректорының кеңесшісі, Тараз қаласындағы РХТУ филиалы директорының м.а.Ирина Фарафонтова, «Казфосфат» ЖШС персоналды басқару департаментінің директоры Қайрат Болатов, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірінші проректордың орынбасары Федор Колоколов, Химия пәнінің мұғалімі,блогер Ұлан Үсенов, Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова және талапкерлер мен ата-аналар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, БАҚ өкілдері қатысты.

Биылғы оқу жылында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы Тараз қаласында «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 30 студентті оқыту жұмысын бастады.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, университет базасында РХТУ өкілдігінің ашылғаны химия саласын өркендетуге бастайтын басты қадамның бірі екеніне тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жетекші университеттердің кемінде бес филиалын ашу туралы тапсырмасын айта отырып,  бұл бастама Президент тапсырмасын орындауға бағытталған нақты жұмыстың нәтижесі екенін тілге тиек етті. Өз сөзінде еліміздің химиялық кластерін ұйымдастыру үшін Жамбыл облысын таңдау кездейсоқ емес екенін, өңірде минералдық шикізаттың ірі қоры барын атап өтті. Өндірістің қарқынын арттыру үшін жоғары білікті инженерлік, техникалық кадрларды даярлаудың маңызын баса айтты.

Онлайн форматта РХТУ ректорының м.а., техника ғылымдарының докторы, профессор Евгения Румянцева талапкерлерге видиоқұттықтау жолдап, білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, химия саласында жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында Қазақстанда РХТУ филиалын ашу жөніндегі бастаманың маңыздылығын атап өтті. Оқу ордасы жас ұрпақтың бойындағы тұлғалық қасиеттерді ұштап, білім мен тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік беретін бірегей білім алаңы екенін жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 

Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірінші проректордың орынбасары Федор Колоколов химия саласында  ғылыми-технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті халықаралық білім беру стандарттары деңгейінде мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау міндеті тұрғанын тілге тиек етті. Талапкерлерге Менделеев университетінің төсбелгісімен сыйлықтарын табыстады.

«Казфосфат» ЖШС персоналды басқару департаментінің директоры Қайрат Болатов РХТУ базасындағы "Қазфосфат" қызметкерлері үшін қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, үшжақты келісім нәтижесінде атқарылған жұмыстар  өзінің оң нәтижесін береріне сенім білдіріп, талапкерлерге «Қазфосфат» ЖШС-да жұмыс жасай алатынын жеткізді.

Ресей Федерациясының Президенті жанындағы ғылым және білім саласындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Александра Глазкова кадрлық әлеуетті одан әрі дамыту, жобаның нәтижелері мен даму жоспарлары туралы баяндады. Студенттер мен оқытушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, «жаңа толқынға» бағыт-бағдар берді.

Кездесу соңында химия пәнінің мұғалімі,блогер Ұлан Үсенов талапкерлерге химия өндірісі бойынша лекция жүргізді. Студенттер толыққанды мағлұматтар алып, өз қызығушылықтарын білдірді. Ата-аналар ерекше алғыстарын білдіріп, жас ұрпақтың жоғары көрсеткіштерді бағындыратынына сенім білдірді.

рхту11091111

рхту1109222

рхту11093333

рхту11094444

рхту11095555

рхту11096666

рхту110977777

рхту11098888

рхту1109999

рхту100910101

 

 

Прочитано 322 раз
Top