«БІЛІММЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірінші курс студенттеріне арнап «Біліммен жарқын болашаққа» атты салтанатты кеші өтті.

Мерекелік кешке Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов,  университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Кешті Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, біліммен қатар ұлттық тәрбиеге ден қоятын оқу ордасының білім жүйесі жыл сайын жаңарып, заман талабына сай жаңғырып келетінін тілге тиек етті. Бәсекеге қабілетті, заманауи және патриоттық ұлттық және халықаралық критерийлерге сәйкес мамандар дайындайтынын айтты. Ел болашағын тәрбиелеп жүрген мәртебелі ұстаздарды жемісті еңбектерімен құттықтап, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берген қызметкерлерге алғысын жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Салтанатты түрде «Білім кілті» мен «Студенттік билет» «Freedom Банк жауапкершілік шектеулі серіктестігінің» білім беру грантының иегері - Әділет Нұрмахан мен «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің бірінші курс студенті Гулизар Юсуповаға табысталды.

Сән мен салтанаты келіскен мерекелік шарада  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әнмен әуелетіп, күмбір күйден шашу шашты. Мың бұрала билеген бұрымдылар көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Жаңа оқу жылының өзгерістеріне үйренген бірінші курс студенттері алаңсыз салтанатты кеште көңіл көтерді.

Жиналған жұрт Дулати студенттерінің өнерін тамашалап, мерекенің мәні мен маңызын сезініп, жылы лебіздерін білдірді.

концерт былым11111

концерт былым2222222

концерт былым3333333

концер былым резерв

концерт былым5555

концерт былым666

концерт былым7777

онцерт былым8888

концерт былым999

концерт былым101010

 

Прочитано 95 раз
Top