«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ» атты ауқымды акция ұйымдастырды.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Қанат Шыңғысбекұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма -мүшесі әлеуметтік- мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Ұлжан Медербекқызы, ЖШС " Жасыл-ел Тараз" және университет студенттері қатысты.

"Есірткісіз болашақ" атты акция аясында есірткіні насихаттайтын және жарнамалайтын граффити жазулары өшіріліп, 700-ден аса жастар ат салысты.

Университет қабырғасында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту.

Жиынды полиция подполковнигі Қанат Шыңғысбекұлы ашып, жастарға жылы лебізін білдірді.

Ал, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма-мүшесі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ – сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!» деді.

Іс-шара би өнерімен қоса, ән тартулармен жалғасын тауып, жедел әрекет ету арнайы оқу жаттығу жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті. Ал, кинологтар қызметтік-іздестіру иттерінің қабілетін паш етті. Сондай-ақ, полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.

Акция соңында облыс полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суреттерге түсіп, ҚР барлық облыстарына челлендж жолдады.

акция1111

акция2222

акция3333

акция4444

акция5555

акция6666

акция7777

акция8888

акция9999

 

 

 

Прочитано 36 раз
Top