HUAWEI КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Жобаларды басқару және цифрландыру орталығы мен Huawei компаниясы өкілдерінің ұйымдастыруымен Roadshow өтті.

Іс-шараға Технологиялық және Жаратылыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Roadshow жыл сайын студенттерді "Huawei ICT Competition" халықаралық IT Олимпиадасына қатысуға үгіттеу мақсатында өткізіледі.

Huawei ICT Competition - АКТ саласындағы ең ірі және беделді халықаралық білім беру платформаларының бірі және әртүрлі елдердің қатысушылары арасында білім алмасуға және мәдени өзара әрекеттесуге ықпал етеді. Байқау өз елдерінің цифрлық экономикасының дамуына елеулі үлес қоса алатын талантты студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған.

Аталмыш олимпиадаға қатысу арқылы студенттер «Network Track», «Cloud Track» және «Computing Track» бағыттарының бірін таңдау арқылы бақтарын сынап, білімдерін саралауға мүмкіндіктері бар.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде студенттер өз қалаларында іріктеуден өтеді, үздік нәтиже көрсеткен студенттер ұлттық іріктеудің екінші кезеңіне Алматы қаласына жіберіледі, бұдан әрі ұлттық іріктеудің үздік студенттері Сауд Арабиясында өтетін 3 кезеңге жолдама алады, олардың арасында Гранд - финалистер анықталады. Шешуші финал Шэньчжэнь (Қытай) қаласындағы Huawei бас кеңсесінің базасында өтеді. Ұлттық және жаһандық кезеңдердің үздік студенттері бағалы сыйлықтармен марапатталады және финал жеңімпаздары басым жағдайда компанияларға жұмысқа шақырту алады.

Huawei компаниясының таланттарды дамыту бөлімінің менеджері С. Советхалықова олимпиада туралы ақпараттандыру презентациясын ұсынып, өз сөзінде Huawei ICT байқауы әлемнің әр түкпірінен келген Huawei ICT Academy студенттері мен қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқитын және қатысуға мүдделі адамдар үшін ашық екенін және осы байқау арқылы Huawei студенттерге жарыстар мен идеялармен алмасу платформасын ұсынуға, олардың акт білімі мен практикалық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен платформаларды қолдана отырып инновация қабілетін арттыруға жол ашатын Ұлттық дода екенін атап өтті.

Еске сала өтейік, өткен жылы университет пен «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлауды, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және инновациялық өнімдер жасауды көздейтін Меморандумға қол қойылған болатын.

хуавей11111

хуавей2222

 

Прочитано 242 раз
Top