ҚОЛЫҢМЕН ҰСТАП, ЖҮРЕКПЕН СЕЗІН!

Дулати университеті мұражайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында құнды тарихи жәдігерлерден QR-код арқылы жасақталған тұрақты бұрыш ашылды. Шараны Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастырды.

Жаңа жобаның тұсауын Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы мен №2 Көзі көрмейтін және нашар көретін «Болашақ» мектеп-интернат директоры Елмира Сауқымбекқызы кесті.

«Тифломузей» жобасының ашылуына Аслан Еділханұлы, Елмира Сауқымбекқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жадыра Нұржанқызы, «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі Сандуған Үсенова, Мұражай меңгерушісі Ақсауле Қалабаева, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері және БАҚ өкілдері, оқушылар мен студенттер қатысты.

Жобаның мақсаты – облыс әрі университет тарихымен танысуға келген әрбір мүмкіндігі шектеулі студенттерге халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын терең әрі жан-жақты түсіндіруге мүмкіндіктер ашу. Кітаптан оқып, құлақпен естіген мағлұматты қолмен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға ықпал ету. Мұражай экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.

Аслан Еділханұлы мен Жадыра Нұржанқызы сөз алып, мұражай – адамды рухани байытатын орын екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеп, ғылым мен білім саласын көркейтуге ықпал ететініне сенімдерін білдірді.

Арнайы бұрышта заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозицияда, смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы өткен шаққа саяхат жасауға болады. Осылайша, QR-код арқылы тарихи жәдігерлерді қолмен ұстап, смартфонның көмегімен тарихын тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Жиналған жұрт университет мұражайында орналасқан М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттерге қызығушылық танытты. Шығармашылық факультет студенттері мен магистранттарының ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында жасаған өлкеміздің флора фаунасы, археология, нумизматика, этнография, жүн, былғары, ши, тоқыма, ағаш буйымдарынан шыққан дипломдық жұмыстары назарға ұсынылып, көпшілік көңілінен шықты.

Оқу ордамызда білім нәрімен сусындап жатқан жастардың ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге, халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын жаңаша бағытта зерделеуге мүмкіндіктері бар. QR-код арқылы жасақталған тұрақты бұрыш студенттердің сапалы білім алуына себепші болары анық.

музей11111

музей2222

музей33333

музей14444

музей5555

музей6666

 

Прочитано 327 раз
Top