ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024-2026 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландырылған «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты ғылыми жоба аясында зерттеу тобы «Теориядан практикаға: практикалық философия мен дизайндық ойлауды біріктіру» атты әдістемелік семинар өткізді.

Семинар жұмысына М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының профессор-оқытушылары құрамы мен Республикамыздың беделді ЖОО-ның профессор-оқытушылары, магистранттар және докторанттар қатысты.

Әдістемелік семинар жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD, қауымдастырылған профессор Құралай Ермағамбетова модераторлық етіп,   зерттеу тобының өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының профессоры Берік Аташ, 2-ші курс докторанты, философия магистрі А.Е.Аккулиева, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Г.Б.Нұрадин өзекті тақырыптарға мазмұнды баяндамалар жасады.

Семинардың мақсаты  –  қатысушыларды білім беру үдерісіне практикалық философия мен дизайн ойлауды интеграциялаудың заманауи тәсілдерімен таныстыру болды. Семинар практикалық философия мен дизайн ойлаудың заманауи тұжырымдамаларын, олардың өзара байланысы мен білім беру мәселелерін шешудегі әлеуетін терең түсінуге ықпал етті.

Қатысушылар оқу үдерісіне философиялық концепциялар мен дизайн ойлауды біріктірудің нақты құралдарымен және әдістерімен бөлісті. Бұл философияны оқыту сапасын арттыруға, студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға, оқу бағдарламалары мен кәсіби дайындыққа инновациялық тәсілдерді енгізуге көмектеседі.

Спикерлер төменгі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:

  • -Балаларға арналған практикалық философия: мазмұны, бағдары, ерекшеліктері;
  • -Практикалық философия - интеллектуалды қызмет;
  • -Практикалық философияның теориялық-әдіснамалық негіздері;
  • -Креативтілік (шығармашылық) практикалық философияның қозғаушы күші;
  • -Моральдық іс-әрекет практикалық философияны жүзеге асыру тетігі.

Әдістемелік семинар пікірталас, тәжірибе алмасу және білім мен тәжірибедегі жаңа шешімдерді бірлесіп іздеудің алаңына айналды. Спикерлер өз тәжірибелерімен және сабақ жүргізудің жаңа тәсілдерімен бөлісіп, қатысушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып қызығушылықтарын танытты. Сонымен қатар, алған білімдерін тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын ойластырып, теория мен практиканы үйлестірудің маңыздылығымен бөлісті.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, спикерлерге алғыстарын білдіріп,сәттілік тіледі.

семинар2210111111111

семинар221022222

семинар221033333

 

Прочитано 171 раз
Top