МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ 525 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Университет қабырғасында тарихшы, ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдық мерейтойына орай «М.Х.Дулати мұраларының тарихи-танымдық тағылымдары» тақырыбындағы апталық басталды. Апталықты «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Апталықтың шымылдығы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды. Рәсімге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер қатысты.Гүл қою рәсімінен кейін көрнекті тұлғаға құрмет көрсету мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді Басқарма Мүшесі Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, үшінші қараша оқу ордамызға Дулатидің есімі берілген күн екенін тілге тиек етті. Тарихи тұлғаның ғылыми мұрасын зерттеп, оның мәдени маңыздылығын қазіргі заманмен ұштастырудың қажеттіліктерін атап өтті.

Апталық жиын барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер бірқатар маңызды баяндамалар жасады.

Алғашқы болып «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдехан Бақторазов «М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи-танымдық деректер» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде, «Тарих-и Рашиди» еңбегінің қазақ тарихына қосқан құнды үлесіне тоқталып, өзіндік ой-пікірімен бөлісті.

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері ф.ғ.д. Сәмен Құлбарақ «М.Х.Дулатидің жазушылық шеберлігі және «Жаһан-наме» дастаны» тақырыбы аясында әдеби мұра «Жаһан-наме» дастанының көркемдік ерекшеліктерін сараптады.

Профессор, т.ғ.к. Жанна Сейітқұлова М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі этнографиялық деректер тақырыбында мазмұнды баяндама жасап,тарихи жазбаларды зерттеу арқылы қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениеті жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, үшінші курс студенттері Ердәулет Тұрған«Тарихи рашиди кітабындағы Қазақ хандығы құрылуы» тақырыбын талқыласа,Бексұлтан Меркібаев«М.Хайдар Дулати туралы ғалымдардың пікірлері» тақырыбы аясында Дулатидің саяси қызметі мен әскери қолбасшылық қабілеттерін жан-жақты баяндады.

Жиын соңында ұлы тұлғаның шығармашылық және ғылыми мұрасына жан-жақты талдау жасалып,еңбектерін әрі қарай терең зерттеу қажеттіліктері жайлы сөз қозғалды.

дулати гул1111

дулати гул2222

дулати гул3333

дулати гул 4444

дулати гул555

дулати гул7777

 

Прочитано 258 раз
Top