ГИБРИДТТІК ФОРМАТТА САРАПШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Практикадағы философия: экзистенциалды тәсіл» атты гибридттік форматтағы сарапшылармен кездесу өтті.

Кездесу AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылды.

Кездесуге сарапшылар ретінде философ-мәдениеттанушы, коуч-тренер «Өкпесіз өмір философиясы» авторлық курсының авторы Ақмарал Байдлаева мен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының мамандары «Мамандықтың мәні» кітабының авторы Сәкен Нұрқабекұлы және «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Айбек  Жаңабергенұлы шақырылды.

Сондай-ақ, философ-ғалымдар А.А.Құранбек, Б.Аташ, Қ.С.Ермагамбетова және Дулати университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары қатысып, пікір алмасты.

Модератор Әсия Ертайқызы магистаранттардың докторантураға түсу арқылы ғылым жолын жалғаудың басымдылықтарын жеткізді. Ғалымдар практикалық философия мен заманауи философияның трендті бағыты екенін негіздеп, қалыпты өмір сүрудің өзіндік лайфхактарымен бөлісті. 

философия1111

философия2222

 

Прочитано 160 раз
Top