КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨНІМДЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Университеттің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті» Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Биология» кафедрасының ғалымдары Байзақ ауданындағы жеке кәсіпкер, «АГРОМИКС» шаруа қожалығының директоры Назым Нұрбаевамен кездесті.

Кездесуде «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Зияева және ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Жақсыбай Төлеубаев саңырауқұлақ пен бөдене өсірумен айналысып жатқан кәсіпкердің өнімдерімен танысты.

Жиын барысында саңырауқұлақ өндірісі мен бөдене жұмыртқасының өнім мөлшерін арттыру, қолайлы микроклимат жасау және зиянкестермен күресу шаралары секілді біршама мәселелер анықталды. Нәтижесінде, ғылыми тұрғыда көмек қолын созатын ғалымдар кеңесі қажет деп танылды.

«Биология» кафедрасының ғалымдары екі жақты келісім шарт негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс білдірді. Өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Биология» кафедрасының ғалымдары «Саңырауқұлақтарды өсірудің тиімділігін арттыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік–конструкторлық жұмыстар жүргізуге келісті.

грибы1111

грибы2222

 

Прочитано 110 раз
Top