СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Дулати университетінде «Сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы студент жастардың рөлі» аясында университет өкілдерімен бірге заң қызметкері студенттермен кездесу өткізді.

Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастырумен өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері мен орын алған құқық бұзушылықтар үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік түрлері туралы айтылып, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың жобасы таныстырылды.

Лекция бастамасын «Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша» бас маманы Бахтияр Алпысбаев бастап, кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын айтты.

«Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары көмектеседі.» - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Ербол Бақтыхожаев.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Айсұлу Тұрарова сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халыққа құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмысының сапасын арттыру қажеттіліктерін баса айтты.

Кездесу соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Бақтыхожаев Ерболға студенттер тарапынан сұрақ қойылып, еркін форматта пікір алмасты. Заң өкілдері студенттер алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыратындығына сенім білдіріп, жастар еліміздің болашағы екенін атап өтті

борьба1111

борьба2222

борьба3333

 

Прочитано 158 раз
Top