Дулати университетінің қабырғасында ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахмановпен кездесу өтті. Жиынға университеттің ардагер профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер қозғалысының белсенділері және студенттер қатысты.
Кездесу барысында басқарма-мүшесі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, Серік Әбдірахманов елді дамыту, сала жұмыстарын жандандыру бағытында айрықша еңбек сіңіргенін атап өтті.
ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов: «Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер жасауға бағытталған жолдау болмақ. Сондықтан осы жолда аянбай қызмет етеміз, себебі айбынды жастарымыз ертеңгі елдің болашағы»,- деді.
Жиын соңында «Ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан оң істерге өз разылығын білдіріп, білмегендеріңіз болса ақыл- кеңес айтып, қолымда бар деректермен бөлісуге дайынмын»,- деген мемлекет және қоғам қайраткеріне университет ұжымы алғыс айтып, «Дулати төсбелгісін» табыстап, «Дулати университетінің құрметті профессоры» атағын берді.