ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЫЙЛЫҒЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының     31-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2024.iac.kz

Ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру ҚР ҒжЖБМ ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/880156?lang=kk шыққан күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қабылданады.

СЫЙЛЫҚ БЕРУГЕ ҮМІТКЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ КЕЛЕСІ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ:

      1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;

      2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;

     3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

     4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

    5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлық пен мақалалардың болуы;

      6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

      7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

      8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

      9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.

ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА – ТҰРҒАНБАЕВ ДОС ӘЛИҰЛЫ, ТЕЛ.: 8 (7172) 74-25-88

Прочитано 90 раз
Top