ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАСАЛДЫ

Дулати университетінің  доценті, философ-ғалым Гүлхан Нұрадин Болатқызы AP23485390 – «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде қонақ дәріс оқыды.

Іссапар мақсаты – бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Іссапар барысында Дулати университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасы мен Қырғыз ұлттық университетінің «Философия, мәдениет тарихы мен теориясы» кафедрасы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.

Ынтымақтастық аясында қырғыз философ-ғалымдарымен бірлескен ғылыми мақаланы Баласағұн университетінің «Хабаршы» журналына жариялау жоспарлануда. Сонымен қатар, болашақта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

кыргыз111

 

 

Прочитано 230 раз
Top