Университет қабырғасында «Химия және химиялық технология» кафедрасы «Химик» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Үлкен химиядағы болашақ» тақырыбында конференция өтті.
Конференция мақсаты – білім алушылардың химия саласы бойынша зерттеуге деген қызығушылықтарын дамытып, жас ғалымдардың ғылыми қызметін қолдау.
Кездесуге Жамбыл облысының жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, №57, №25, №55, №21, №29 орта мектептері, №40, №41, №5 мектеп гимназиялары, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Жаңатас көпсалалы колледжі және Тараз мамандандырылған колледжінің білім алушылары және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Конференцияда «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Айша Нурлыбаева, Химия магистрі, аға оқытушы Динара Алтынбекова төрелік етті.
Конференция барысында білім алушылар химия саласындағы ғылыми және креативті идеяларын ұсынды. Қатысушылардан 25 баяндама қабылданып, 14 баяндама іріктеліп тындалды. Үздік баяндамашылар бас жүлде, 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.
Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Конференция соңында, ҚР профориентологтар ассоциациясының мүшесі, профориентолог Саят Мамешова Дулати университетіне талапкерлерді шақыру мақсатында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізіп, білімгерлерге жылы лебізін білдірді.