Дулати университетінің қабырғасында 16 - желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.
Облыстық сайысқа мектеп оқушылары, колледж және университет студенттерінен құралған 10 команда қатысып, бақ сынасты.
«Сұңқар» спорт клубы, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі бөлім, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің ұйымдастырумен өткен тартысты ойын нәтижесінде 1 орынды Дулати университеті иеленсе, 2 орынды Түймекент ауыл құрамасы еншіледі. 3 орынды иегері Жамбыл жоғарғы медицина колледжі құрамасы жеңіп алды.
Турнирде жүзден жүйрік үздіктерде көзден таса қалған жоқ, атап айтар болсақ:
- Үздік қорғаушы номинациясы - Мұратбай Фарида Түймекент ауыл құрамасы
 - Үздік шабуылшы номинациясы - Берік Әсем Жамбыл жоғарғы медицина колледжі
 - Үздік үйлестіруші номинациясы - Ержанқызы Аружан ХТИИ
 - Үздік жас ойыншы номинациясы - Мұхат Ақерке Түймекент ауылы құрамасы
 - Үздік ойыншы номинациясы - Үсіпалиева Аяулым Дулати университеті
 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!









			