ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дулати университеті колледжінің студент қыздары арасында «Әр ару бақытты болуға лайықты» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг мақсаты – студент қыздарға психологиялық тұрғыдан көмек беріп, қыз-ғұмыр контексінің мәнін ұғындыру, қыз-әйел-ана үштігінің мағынасын түсіндіру.Сонымен қатар, білімгерлердің өзіне деген сенімділігімен қатар өзін-өзі бағалауы арқылы болашағы туралы ойланып, кәсіби мақсаттарына саналы түрде жету.

Психологиялық тренингті «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары Мадина Мырқасымова мен Әсел Дәуренбекова жүргізді. Мамандар қыздармен еркін әңгіме өрбіту барысында,тұлғалық даму мен өзін және өзгені қабылдай алу құндылықтары жайлы сөз қозғады.

Тренинг барысында түрлі ойындар ойнатылып, білімгерлерді қызықтырған сауалдарға спикерлер жауап берді. Кері байланыста қыздар қауымы белсенді қатысып,жағымды эмоцияларымен бөлісті.

0ыздар тренинг1111

кыздар тренинг2222

кыздавр тренинг3333

 

Прочитано 172 раз
Top