ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университетінің қабырғасында «Ізгі қоғам жастары» тақырыбында рухани – танымдық кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облысының бас имамы, РАНТ мүшесі, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты - жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуын, олардың ортақ мақсатқа жету жолында күш біріктіруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі құндылықтарды сіңдіре отырып, рухани-танымын өсіруге бағытталған.

Жиын басында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, жастарды шыншылдыққа тәрбиелеп, туған жердің топырағына мейлінше қалтқысыз қызмет етуге баулу басты назарда екенін алға тартты.

Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев «Лудомания ғасыр дерті» тақырыбында әңгіме өрбітіп, «Ата-бабамыздың «Ойынға ойсыз құмар» деген сөзі бар. Бабалар тарихына үңілсек, құмар ойнау деген ұғым қазақ танымында болған емес. Дінімізде де бәс тігуді құп көрмейді. Құмар ойынға салыну өз өміріңді құрдымға жіберу деген сөз. Сондықтан өз өміріңіз өз қолыңызда екенін біле жүрейік»,- деді.

Кездесу барысында ҚМБД Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы: «Білімді жастар – ел болашағы, бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті.

Кездесу соңында студенттер спикерлермен еркін форматта пікір алмасып, жастарды заманға сай білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, жат діни ағымдардан сақтануға, рухани-танымды дамытуға шақырып, үндеу жарияланды.

обл имам11111

обл имам2222

обл имам3333

облл имам4444

 

Прочитано 171 раз
Top