КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2024-2025 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері үшін Дулати университетінің Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Саят Мамешованың бастауыменЖамбыл облысы Меркі ауданының білім беру мекемелерінде  кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты – бітіруші түлектерге университет мамандықтарының мазмұны мен ерекшеліктері жайлы жете түсіндіру арқылы дұрыс таңдау жасауға ықпал ету.

Белсенді жұмыс барысында  ауданның 2 колледжі мен 13 мектебіне барып, білімгерлерге оқу ордасы жайлы толығырақ түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Саят Әлішеріқызы университеттің білім беру бағдарламалары, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері, академиялық артықшылықтары және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы жайлы жан-жақты мағлұматтармен қамтыды.

Кездесу барысында заманауи мамандықтарды таңдаудың маңызы, университеттің материалдық-техникалық базасы және студенттер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер түсіндірілді. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен инновациялық оқыту әдістері туралы да ақпарат берілді.

Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздар өз қызығушылықтарын танытып, оқу бағдарламалары мен мамандықтарға қатысты толғандырған сұрақтарын қойды.

багдар1111

багдар2222

багдар3333

 

Прочитано 82 раз
Top