М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде студенттерге арналған «Қош келдің 2025» атты жаңа жылдық кеш өтті.
Кешті басқарма мүшесі әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы өз құттықтау сөздерімен ашып, студенттерімізге жаңа жылға сәттілік тіледі.
Жаңа жылдық кеште университетіміздің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындар ойнатылды. Университетіміздің қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларына белсене ат салысқан факультеттер мен жастар саясатын іске асыруға, университет имиджін дамытудағы қосқан үлестері үшін үздіктердің үздігі болған студенттер мен клубтарды Аслан Еділханұлы мен Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Бегдалыұлы марапаттады.
Студенттерімізді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! 2025 жыл сәтті жыл болғай!