Дулати университетінің қабырғасында «Жастармен жұмыс» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалынды жастар» атты тақырыбында университет ұйымдары мен студенттік деканаттар жиналысы өтті.
«Тек жан-жақты дамыған, білімді, еркін ойлай алатын жастардың арқасында ғана біздің еліміз дамудың даңғыл жолына шығады. Сондықтан қазіргі заманауи үрдістерді ескере отырып, жастар үнемі жаңа білім көздерін іздестіруге, өзін-өзі тәрбиелеуге және қабілеттерін дамытуға, уақытқа байланысты жылдам өзгеретін әлемде жаңа байланыстарды орнатуға ұмтылулары тиіс» - деп атап өтті Жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Айдос Нурмайлов.
Жиын барысында оқу ордасының белсенді жастары алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша бірлесе жоспар құрып, жаңадан ашылып жатқан ұйымдармен танысты.
Кездесу соңында ұйымдар ұраны айтылып, жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастар қызу жұмысқа дайын екендерін жеткізді.