Университет қабырғасында шетелдік студенттерге арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – миграциялық режим ережелері мен Қазақстан Республикасына кіру-шығу, оқу визасын алу және тіркеу тәртіп ережелерін білімгерлерге жете түсіндіру.
Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Миграциялық қызмет басқармасының капитаны Нұрлан Мырзай шетелдік азаматтардың Қазақстандағы болу ережелері туралы сөз қозғап, миграциялық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тың ақпараттармен бөлісті. Білімгерлерге тұрғылықты жер бойынша тіркеу рәсімі, виза рәсімдеу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып, еліміздегі заң мен жауапкершілік туралы мұқият түсіндірді.
Дулати университетінде Түркіменстан Республикасынан келген 75 студент білім алуда. Ақпараттық кездесу арқылы білімгерлер құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, бірқатар сауалдарына жауап алды.