ЖАТАҚХАНАНЫҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен студенттік жатақханада ұлдар арасында ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Кездесу мақсаты –  жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін толық түсіндіру арқылы студенттерге құқықтары мен міндеттерін және тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру.

Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

  • Жатақхана ережелері мен талаптары – жалпы ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, тыныштықты бұзбау, басқа студенттердің құқықтарын сыйлау.
  • Тазалық және санитарлық нормалар – бөлмелердің тазалығы мен санитарлық талаптарды сақтау, ортақ пайдалану орындарының таза әрі тәртіпті болуы.
  • Қауіпсіздік шаралары – жатақхана аумағында қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі.
  • Құқықтар мен міндеттер – студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, тәртіп бұзған жағдайда қолданылатын жаза шаралары.
  • Шу шығару және тыныштық сақтау – кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзбау, әсіресе демалыс және оқу уақытында.

Кездесу соңында пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, туындаған сұрақтардың шешу жолдары талқыланды. Білімгерлер ішкі тәртіп ережелерін сақтау жөнінде келісімге келіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                        Әлеуметтік жұмыс басқармасының маманы Ж.Жамангараева

 

Прочитано 28 раз
Top