Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Журналистер және театр қайраткерлері одағының мүшесі, «Мәдениет және өнер» кафедрасының доценті Асқарбек Сейілхан Ақылшаұлына 75 жас мерейтойы мен ұзақ жылғы ұстаздық еңбегіне орай, «Дулати университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.
Марапатты Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Қазбекұлы құттықтау сөзбен табыстап, ұстаздың қажырлы еңбектері туралы сөз қозғады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін тілге тиек етіп, әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.
Марапат иесін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!