«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау өкілдерінің жастармен кездесуі өтті.

Шараға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және бірқатар белсенді жастар қатысты.

Кеңейтілген дөңгелек үстелді облыс әкімінің орынбасары С. Сәлемов жүргізді: Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі – қоғамның дамуына, өздеріңіздей жастарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады. ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесулер ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта облысымыздың әр ауданында осындай шаралар өткізілетін болады, - деді Серік Жақсылықұлы.

Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Жанаев, Тараз қаласының прокуроры Н.Боранбаев және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры А.Тұрлыбек баяндама жасап, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Бүгінгі күні университетімізде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кураторлық тақырыптық тәрбие сағаттары, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, байқаулар, пікірсайыс турнирлері өткізілуде. Жалпы әрқайсымыздың заңды білуіміз және оны орындай алуымыз, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Студенттер, сіздер болашақта қоғамды құрайтын азаматсыздар, сондықтан заң мен тәртіпке деген құрметті қалыптастырушы өздеріңіз деп білеміз. Сіздердің әрбір істеріңіз тек өздеріңіз үшін емес, барша қоғам үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар» деді проректор Аслан Еділханұлы.

зан 11 1111

зан11 2222

зан11 3333

зан11 444

зан11 555

зт нов777

зтнов888

зтноыв9999

зан1 666

 

 

Прочитано 188 раз
Top