2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қос педагогы бар:
Қарабаева Әсел Асқарқызы – «Биология» кафедрасының аға оқытушысы: «Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында алма ағаштарын жеміс кенелерінен қорғаудың экологиялық таза жүйесін құру» (IRN AP25797095)
Джетписбаева Гулим Данебаевна – «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы: «Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Синтез газын түрлендіру үшін құрамында кобальт бар катализаторды жасау және зерттеу» (IRN AP25794577)
Жас ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жетістіктер мен жобаларын жүзеге асыруда табыс тілейміз!