ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, күрделі және пайдаланушылық шығындарды қысқарту, тәулік бойы техникалық қолдауға қол жеткізу мақсатында деректерді өңдеу орталығының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шарада лента қию рәсімін М.Х.Дулати университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор – Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының “Жобалық басқару және цифрландыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Ташенова Гулпара Алашбайқызы өткізді.

Ашылуда сөз алған университеттің Басқарма Төрағасы - Ректор М.Байжұманов: “Дулати университетінде цифрлық инфрақұрылымының негізгі элементі болатын деректерді өңдеу орталығының іске қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл заманауи нысан - цифрландыру, білім беру, инновациялық жобаларды қолдау және университеттің технология мен білім саласындағы жоғары нәтижеге жету мақсатындағы ұстанымын нығайтуға бағытталған. Біз студенттерімізге, оқытушыларымызға және зерттеушілерімізге ғылым мен білімде жаңа биіктерге жету жолында соңғы технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз етуге тиіспіз.”, - деп, орталықтың атқаратын ауқымды жобаларын атап өтті.

Орталық құру жоспары 2023 жылы мамыр айында университеттің Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Орынбаев Сейтжан Әуесжанұлының бастамасымен қолға алынып, университетіміздің дамуындағы маңызды қадамдарға аяқ басты және университет Республикадағы халықаралық және ұлттық талаптарға сай деректерді өңдеу орталығын ашқан жоғары оқу орындарының бірі.

Орталықтың ең басты артықшылығы - деректерді орталықтандыру және сол арқылы басқаруды жеңілдету. ДӨО онлайн оқыту платформалары (мысалы, LMS), студенттер мен оқытушылардың дерекқорлары, электрондық кітапханалар және тәулік бойы қолжетімді болуы керек басқа ресурстар сияқты университет жүйелері үшін өте маңызды. Сонымен қатар, есептеу ресурстарын жылдам масштабтауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары онлайн білім беру университет процесінің маңызды бөлігіне айналды. Орталық осы жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, онлайн платформаларды, бейнеконференцияларды, курстар мен материалдарды орналастыруды қолдау үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Бұл университетке гибридті оқытуды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, онда студенттер дәстүрлі сыныпта да, қашықтан да білім ала алады.

Бүгінгі таңда университет ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, оның ішінде деректерді өңдеу, модельдеу немесе талдау сияқты қуатты есептеу ресурстарын қажет ететін жобалармен айналысуда. Ал, бүгін ашылған орталық мұндай тапсырмалар үшін есептеу ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Басқа университеттермен және серіктестермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде орталықтың рөлі басым. Тұтастай алғанда, университет үшін деректер орталығын пайдалану тиімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар заманауи білім беру процесі мен зерттеулер үшін маңызды болып табылатын икемділіктің, қауіпсіздіктің және ресурстардың қолжетімділігінің жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.

Іс-шараға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының және «Жамбыл Hub» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Рәсім соңында, келген қонақтарға оқу орнының бірқатар нысандары таныстырылды.

фвбрика1111

фвбрика2222

фабрика3333

 

 

Прочитано 183 раз
Top