2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қос педагогы бар:
Сүйенішбаева Құралай – ғылыми жобаның тақырыбы: «Поликомпонентті топырақ материалдарын жасау, олардың құрамын оңтайландыру және үйінді бөгеттерді салу үшін олардың параметрлерін болжау әдістерін әзірлеу»
Ескермесов Жандос – «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы «Металлургия өнеркәсібінің қалдықтары мен шиналары қосылған 3D-принтерде құйылған бетонның механикалық қасиеттерін зерттеу»
Жас ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жетістіктер мен жобаларын жүзеге асыруда табыс тілейміз!