Шымкент қаласында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде волейболдан қыздар арасында Оңтүстік өңірдің 12 жоғары оқу орны қатысуымен «Оңтүстік» дивизионының ойындары өтті.
Дулати университетінің қыздар құрама командасы тартысты додада ІІІ орын еншіледі. Сайысты дода барысында Дулати университетінің құрама сапындағы Нұрмахан Қаракөз «Үздік шабуылшы», Жомартқызы Амина «Үздік тосқауылшы» атанды!
Сайысқа арнайы Дулати университеті қыздар құрама командасын аға оқытушы Аганиязов Нурдаулет, аға оқытушы Ешенәлі Сәкен жаттықтырды.
Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын! Шығармашылық жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!