Еңселі оқу ордамыздың философия саласындағы жетекші ғалымдары – философия ғылымдарының кандидаттары Дина Дүйсебайқызы Кулбаева мен Нұрадин Гүлхан Болатқызы AP23485390 – «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты 2024–2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Қазақ руханияты және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды жетілдірудің әлеуметтік-мәдени негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберліұлының 70 жылдық мерейтойына арналып, осыған орай аудиторияның ашылу рәсімі өтті.
Конференция барысында Д.Д. Кульбаева мен Н.Г. Болатқызы «Қазақ халқының мәдени-тарихи сабақтастығы контекстіндегі философиялық практика» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Конференцияға еліміздің белгілі философ-ғалымдары – философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы, философия ғылымдарының докторы Нұрмұратов Серік Есентайұлы, Раев Дәулетбек Сәдуақасұлы, Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы, Асқаров Лесхан Әмірханұлы, Әбдірашит Бәкірұлы, Жұман Жылысбаев, Гүлзипа Қырғызбайқызы және басқа да танымал зерттеушілер қатысты.