Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен ғылыми жоба жетекшілері мен жауапты орындаушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Курсқа «Техникалық зерттеу және метрология орталығы» ЖШС-нің білікті мамандарының қатысты.
Біліктілікті арттыру курсы – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ашылатын зертханаларды аккредитациялау талаптарын түсіндіруге және зертханалық қызмет сапасын арттыруға бағытталды. Курс барысында қатысушылар аккредитация процесінің регламенттерімен, зертханалық менеджмент пен сапа менеджмент жүйелерін енгізу тетіктерімен танысып, практикалық тәжірибе мен кәсіби кеңестер алды.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сертификатты салтанатты түрде Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев табыстады. Сейтжан Әуесжанұлы сөз алып, алдағы уақытта университет базасында ашылатын зертханаларға арналған ғимараттарды әкімшілік-шаруашылық бөлімімен бірлесе отырып нақты белгілеу жұмыстары жүргізілетінін атап жеткізді. Бұл бастама университетіміздің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ, зерттеу инфрақұрылымының сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам екенін баса айтты.
Қатысушылар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.