Университет қабырғасында «Тектұрмас баба феномені: аңызға айналған ақиқат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шара Тарих кафедрасының т.ғ.к., доцент Жанна Сейткулованың алғы сөзінен басталды:
- Тектұрмас — халқымыздың тарихи жадымен астасып жатқан киелі орындардың бірі. Ол – ел тарихындағы рухани тұлғалардың бірі Сұлтан Махмұт ханға арналған сәулет өнері ескерткіші. Бұл күмбез ғасырлар тереңінен сыр шертетін, Тараз қаласының оңтүстігінде, Талас өзенінің бойында бой көтерген тарихи нысан. Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Тектұрмас баба феноменін жаңа қырынан тануға бағытталған ізденістер – ұлттық санамызды жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Сіздердің осы бағыттағы ғылыми еңбектеріңіз – тарихты құрметтеу мен келешек ұрпаққа аманат етер рухани байлықты дәріптеудің айғағы. Сіздерге шын жүректен ғылыми табыс, шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз.
Конференцияның мақсаты - Тектұрмас баба есімін жаңа қырынан танып, тарихи және мәдени мұраларды зерттеу, оның қазақ тарихындағы және мәдениетіндегі орны мен маңызды талқылау. Конференцияда ғалымдар, тарихшылар, этнографтар, философтар мен мәдениеттанушылар өзара пікір алмасып, Тектұрмас бабаның тарихи зерттеудің жаңа жолдарын ұсынады.
Жиын соңында студенттер ғалымдарға сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Ал қатысушылар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.