Университет қабырғасында Түркменстаннан келген шетелдік азаматтарға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты – көші-қон ережелерін түсіндіру арқылы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің Миграциялық қызмет басқармасынының басшы м.а. полиция подполковнигы Арай Аимбек, полиция капитаны Нұрлан Мырзай және студенттер қатысты.
Кездесу барысында мамандар шетелдік азаматтардың Қазақстанда болу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар білімгерлерге тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі, виза алу тәртібі жайлы егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар, миграциялық режимді бұзудың құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, ақпараттық кездесулер шетелдік студенттердің елдегі құқықтық талаптарды дұрыс түсінуіне және университет қабырғасындағы оқу үдерісінің сапалы өтуіне ықпал ететінін жеткізді.
Қазіргі таңда, Дулати университетінде Түркменстаннан келген 60 студент білім алуда. Кездесу соңында мамандар білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты.