МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің бастауымен «Жазғы мектеп» семинары өтті. Ғылыми-әдістемелік семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы Шолпан Кудьярова қатысып, мазмұнды дәрістер ұсынды.

Семинар «Қазақстан жастарының медиасауаттылығын дамыту әдіснамасы: олардың әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара әрекеттесуінің негізгі факторы ретінде тіл және медиабілімін интеграциялау» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Негізгі тақырып - «Білім берудің цифрлық дәуірі: медиасауаттылық және тұрақты дамуға арналған инновациялық әдістер».

Дәріс барысында медиа және ақпараттық сауаттылықтың бүгінгі қоғамдағы маңызы, заманауи медиамәтіндерді талдаудың әдіс-тәсілдері, медиа құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар медиасауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық тапсырмалар орындап, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

«Жазғы мектеп» қатысушылары бірқатар маңызды дағдыларды меңгерді:

  • - медиабілім мен тілдік білімнің интеграциясы арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыту;
  • - кәсіби және тұлғалық дамуға жол ашу;
  • - мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру;
  • - ғылыми-зерттеу және оқыту әдістемесімен тереңірек танысу.

Семинар соңында барлық қатысушыларға 72 сағаттық біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

медиа1111

медта2222

медиа3333

медиа4444

 

Прочитано 76 раз
Top