Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «WorldSkills Jambyl-2025» атты облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Чемпионаттың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби дағдыларды дамыту және халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай мамандар даярлау.
Аталған чемпионатқа 11 колледждің үздік студенттері қатысып, өз салалары бойынша білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.
Сайысқа М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Сұлтан Ашимбай қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды. Арнайы пән оқытушысы Дамира Каримованың жетекшілігімен дайындалған Сұлтан Мұратұлы «Жеңіл автокөлікті жөндеу» құзыреттілігі бойынша сынға түсіп, жоғары кәсіби дайындық пен шеберлік көрсетті.
Женімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және сәттілік тілейміз!