ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ

16–27 маусым аралығында университет қабырғасында «Текстиль және аяқ киім: бірегей бұйымдар жасаудың өнері» атты 72 академиялық сағатты қамтитын біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Аталған курс Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған «Ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу» жобасы аясында және жеңіл өнеркәсіпке арналған материалдарды өндіру технологиясын жасау бағыты бойынша өткізілді. Жоба Программалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асырылып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» қолдауымен ұйымдастырылды.
Курстың мақсаты –қатысушыларға бірегей текстильдік элементтерді дайындап, аяқ киім дизайны мен тігін саласы бойынша үйрету.
Бағдарлама аясында техникалық, көркемдік және шығармашылық дағдыларды дамытуға баса назар аударылды. Қатысушылар дәстүрлі және заманауи кілем тоқу әдістерін, аяқ киім тігудің барлық кезеңдерін, соның ішінде басқұр тоқу, пішу және әрлеу жұмыстарын меңгерді.
Оқытуға Жамбыл облысының әртүрлі елді мекендерінен 17 қатысушы қатысты. Сабақтар дәріс және тәжірибелік түрде өтті. Практикалық бөлімдер университеттің «Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасына қарасты «Өрнек» және «Технолог» оқу-өндірістік базаларында жүргізілді.
Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға біліктілік арттыру туралы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
глав11111
глв22222
 
 
Прочитано 37 раз
Top