Түркі елдері арасында өткен ІІІ Түркі универсиадасында Қазақстан студенттік ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Дулатиалық жастар табысты өнер көрсетті.
Жүлделі орыннан көрінген спортшыларды Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов қабылдап, жеңістерін құттықтап, алдағы жаттығуларына сәттілік тіледі.
Футзал құрамасы сынға түсіп, ІІІ орынға қол жеткізді.
Команда сапында:
• Лесбек Диас Ержанұлы
• Усенов Ораз Талғатұлы
• Жаманкулов Бахтияр
• Абдраймов Бахтияр
• Наркулов Кудайберды
• Оңласын Нұрмамбет
• Нұрымбет Абинұр
• Серікұлы Димаш бар.
Жас спортшыларға бағыт-бағдар берген жаттықтырушы – Бекназаров Жамбыл.
Дзюдо құрамасы да өз өнерлерін көрсетті. Бұл спорт түрінде Ахметғали Әділет Серікұлы І орынға ие болып, университет абыройын асқақтатты. Ал Нұғман Бибарыс Нұрғалиұлы жарыс жолында бар күшін салып бақ сынады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы ІІ орыннан көрінді. Дулати университетінің намысын қорғап, ұлттық құраманың сапында жүрген студенттерді университет өкілі Джылысбаев Дастан бастап барды.
Байрақты додаға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің студенттері қатысып, спорт алаңында бақ сынады.