ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНЕ УЭЛЬВА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ШАҚЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №79 бұйрығына сәйкес, жоғары рейтингілік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар алыс шетелдің жетекші университеттерінен сарапшыларды тарту жоспары бекітілген.

Бағдарлама аясында Испания Корольдігінің Уэльва университетінің экономика ғылымдарының докторы, «Қаржылық экономика, бухгалтерлік есеп және операцияларды басқару» кафедрасының профессоры, ғалым Infante Moro Alfonso 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, 10 қазанға дейін Дулати университетінің «Экономика және құқық» факультетінде қызмет атқарады.

Өзара ынтымақтастықтың мақсаты –  университеттің интернационалдандыру саясатын дамыту, шетелдік тәжірибені оқу үдерісіне енгізу және студенттерге көпмәдениетті ортада білім алуға жағдай жасау. Профессор халықаралық ғылыми жарияланымдар бойынша тәжірибесімен бөлісіп, жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беруді жоспарлап отыр.

Университеттің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Алтынбекқызы сөз алып, шетелдік ғалымдардың келуі студенттердің кәсіби дамуына және университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Профессорға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, бірлескен ғылыми әрі оқу үдерісіндегі нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдірді.

испан1111

испан2222

испан33333

 

 

Прочитано 119 раз
Top