20 қыркүйек күні қала күні мен Жұмысшы мамандар жылына орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Еңбек жолы» атты спартакиада өтті.
Аталған жарыста М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Дастан Джылысбаев жүзуден бақ сынап, қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, І орынға ие болды.
Бұл жеңіс – тек жеке спортшының жетістігі ғана емес, сонымен қатар университеттің спорт саласындағы абыройын арттыра түскен сәт. Алда жаңа белестер мен тың жеңістер күтіп тұр!