ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТАШКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

21–24 қыркүйек аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ғалымдары Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына ғылыми іс-сапар жасады. Сапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті гранттық қаржыландыруы аясындағы №AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты жоба аясында жүзеге асты.

Іс-сапар құрамында жоба жетекшісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Б. Нұрадин, жоба орындаушысы, ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі, доцент., Д.Д. Кульбаева және ғылыми қызметкер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Саяси философия» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты А.Е. Аққулиева болды.

Сапардың мақсаты – Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық байланыс орнатып, практикалық философия саласында тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша бірлескен жобалар әзірлеу және ғылыми жарияланымдар дайындау мүмкіндіктерін қарастыру.

Қазақстандық ғалымдар Alfraganus University, Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясы және Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде кездесулер өткізіп, ғылыми-әдістемелік мәселелерді талқылады. Философияны оқытудағы заманауи тәсілдер, практикалық философияны білім беру жүйесіне енгізу және гуманитарлық пәндерді жаңа тұрғыда дамыту тақырыбында пікір алмасты. Өзбекстандық әріптестер қазақстандық жобаның мазмұнына ерекше қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізу және халықаралық ғылыми журналдарда ортақ мақалалар жариялау жоспарланды.

Іс-сапар соңында делегация мүшелері Өзбекстан жоғары оқу орындарының басшылығына жылы қабылдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

ғал1111

ғал2222

 

Прочитано 73 раз
Top