ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

15 қарашада Ақтөбе қаласында дзюдо спорты бойынша Қазақстан Кубогының чемпионаты өтті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген парадзюдо спортының өкілі Ахмедов Ахмед Абдужамалович 81 кг салмақ категориясында бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Ахмед Ахмедов Қазақстан Кубогының чемпионы атанып, еліміздің парадзюдо спорты саласындағы жеңісін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз.

Прочитано 39 раз
Top