
Super User
Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы Серік Қирабаевтың туғанына 95 жыл
2022 жылдың 6 наурызында «6В03212-Конвергенттік журналистика» ББ-ның студенттеріне топ кураторы Б.Мырзабаева қазақ әдебиеті сынының атасы, академик С.Қирабаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Танымдық дәрісте Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент К.М.Қарымбаева мен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Ж.Нүсіпова қатысты. Танымдық дәріс ұлағатты ұстаз туралы ыстық естеліктерден басталды. Кафедра меңгерушісі К.М.Қарымбаева ұстазы Серік Қирабаевтың темірдей тәртіпті ұстанатындығын, аудиторияға ағайдан соң ешкім де аяқ баса алмайтынын есіне алды. Есте сақтау қабілеті деңгейінің жоғарылығы сондай, осы аптада айтқан дәрісін келесі аптада тура тоқтаған жерінен жалғастырып кете беретінін баяндады. Серік ағайдың арқасында жазушы Әбіш Кекілбаевпен кездесуге мүмкіндік алғанын, автордың "Үркер" романына байланысты диплом жұмысын сәтті қорғағандығын ерекше әсермен жеткізді.
Жеңімпаздарды құттықтау!
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 2022 жылдың 16-17-ші наурызында V Халықаралық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындығы ТарӨУ- нің "Ақпараттық технологиялар" факультетінің «6В06120-Бағдарламалық иженерия» мамандығының студенті Хмелевский Р. (1 орын), жетекшісі т.ғ.к. Жидекулова Г.Е., Болсын Жанира 6В05413-Математика және математиканы оқыту мамандығының студенті (3 орын), жетекшісі п.ғ.к. Бөлеева Л.К., 6В06113-ПРПО мамандығының студенті Исабекова Таңсу (3 орын), жетекшісі Шрымбай Д., 6В06114-ИиИКТ мамандығының студенті Сәрсекей Нұржан (3 орын), жетекшісі Тажиева Р.Н. орындарын иеленді. Факультет деканы Г.И.Муратова студенттер мен жетекшілерді марапаттап,құттықтады. Студенттерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтардың арта беруіне тілектеспіз!
Жаныңда жүр жақсы адам
«Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп,» - деп чех ойшылы Ян Амос Коменский айтқандай, жақсылық жасап, жақсылықтың маңызын ұғындыруға себепкер адамдарымыз бар кезде біз — бақыттымыз. Біздің қамымызды жеп, біз үшін отқа да, суға да түсуге дайын жандар бар. Мейрімге толы жүрекпен өмір сүретін анамыз, қамқорлығын аямайтын әкеміз, қолдауы мықты бауырларямыз, сын сағатта қасыңнан табылар достарымыз, үйретуден жалықпайтын ұстаздарымыз бар. Шындығында біз күнделікті өмірде жақсы жандардың ізгі істері туралы көп ойлай бермейміз. Сондықтан Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының оқытушысы Әбдір К. мен филология: қазақ филологиясының 3-курс студенттері «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырып аясында айналамыздағы игі істердің иелеріне тоқталып өтті. Тәрбие сағатының барысында студенттер бейнероликтер, тамашалап, жақсы жандардың ізгі істерін ортаға салды. Поэзияны жанымен сүйетін студент-Жанайдарқызы Н. жақсы жандарды санамалай отырып, анасына арнау айтса, Абайша ән сүйеиін Даниярқызы А.әкесіне ән арнады. Күнделікті өмірде байқала бермейтін ізгі істер туралы ой қозғады. Өмірзақова Ұ. ағы мен қарасы қатар жүретін бейбіт қоғамда жақсылық жасап жарысқан танымал жандар мен қамқорлық акцияларынан қалмайтын мемлекеттік қорлар жайлы презентация қорғады. Тәрбие сағатының барысында студенттер жақсылықтың маңызын бек түсініп, жандарында жүрген жақсы адамдарды анықтап, оларға алғыс білдіруді жөн көрді.
Дулати оқулары – халықаралық деңгейде
Дулати университеті ұйымдастыратын дәстүрлі халықаралық педагогикалық оқуларының ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Биылғы байқауды оқу орны Шадринск мемлекеттік педагогикалық (Ресей), Карабюк университеттері (Түркия) және Браганса политехникалық институты (Португалия), Халықаралық ақпараттандыру академиясы, Білім сарапшыларының қазақ лигасымен бірлесіп өткізді. Оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлаған биылғы іс-шара «Педагогикалық білім беру – ел өркендеуі мен тұрақтылығының негізі: жаңа мүмкіндіктер және заманауи трендтер» тақырыбын арқау еткенін айта кету керек.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялауды мақсат тұтқан осы бастама арқылы білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау, қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи трентерді қарастыруға мүмкіндік туып отыр. Соның арқасында заманауи педагогикалық технологиялардың мәні ашылып, педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу және тағы да басқа міндеттер шешімін табуда. Сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында үздіксіз білім берудің басым бағыттары, М.Х.Дулатидің педагогикалық мұрасының мазмұны жан-жақты ашылды.
Дулати оқуларына педагогикалық мамандарды даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірге, жоғарыда атап өткен ұйымдастыру ісіне үлес қосқан білім ордалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының әдіскерлері, орта кәсіби білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, жаңашыл мұғалімдері және ЖОО-ның болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Іс-шара Тараз қаласындағы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп оқушыларының музыкалық-сазды құттықтауымен ашылды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К. Жампеисова «Интеграция жоғары педагогикалық білім беруді дамытудың тенденциясы ретінде» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, педагогикалық білім берудің жаңа мүмкіндіктері және заманауи трендтерінің мәнін ашып көрсетті. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Д.Шаматов «Педагогикалық білім беру бағдарламасындағы халықаралық трендтер» тақырыбына жасаған баяндамасы педагогикалық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғанын айта кеткен жөн.
Педагогикалық қауымдастықпен онлайн байланысқа шыққан Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Н.Скоробогатова «Инклюзивті білім берудің өзекті проблемалары және болашағы» тақырыбын кеңінен қамтып, инклюзивті білім берудің мазмұнын ашып, инклюзивті білім беруде Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің инновациялық іс- тәжірибесімен бөлісті. АҚШ-тық жас ғалым Д.Тилтонның «Білім алудағы халықаралық бағдарламалар» тақырыбына жасаған баяндамасына педагогикалық оқуға қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Вассерман «Жалпы орта білім беретін мектепте сапаны басқару жүйесі және орталықтар ашу» мәселесін қозғап, авторлық «Заманауи мектеп 4.0» жобасын таныстырды. Жоба педагогикалық қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болды десек, артық айтқандық емес. Ал І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Педагогика және психология факультетінің» деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ыбрайымжанов – «Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», Білім сарапшыларының қазақ лигасының басшысы Г.Әбішева – «Жалпы орта білім берудің мазмұны: қазіргі жай-күйі және болашағы» тақырыптарын кеңірек зерделеген екен.
Осы күні ашық педагогикалық алаңдар ашылды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогика және психология жоғары мектеп оқытушы дәріскері, педагогика ғылымдарының магистрі А.Тәурбекова және «Zerde.Didakt» әдістемелік орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Н.Төлегенова ЖОО оқытушылары, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы білімгерлері, магистранттар, бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбына шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.
Сондай-ақ «KPI BILIM» білім беру орталығының бас директоры Г. Әбішева, Алматы қаласының № 68 гимназияның педагог-шебері Н.Дрейт жалпы орта білім беретін мектеп директорлары және оқу ісінің меңгерушілерімен «Білім беруді басқарудағы сапа саясатын» кеңінен қамтып, шеберлігімен бөлісті. Соңында «Үздік педагогикалық өнім - 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды.
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨНІМ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Педагогикалық инновациялық өнім» номинациясы бойынша Шу қаласындағы Төле би атындағы жалпы орта білім беретін мұғалімі Р.Қарабекова 1-орынды иеленді. Ал «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)» аталымының үздіктері – Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының мұғалімі А.Асанқұлова, Тараз қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Г.Бектаева және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Б.Сайдахметов.
Ал «Үздік инновациялық жоба» номинациясын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры К.Бузаубакованың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2023 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жобаларын гранттық қаржыландырудың AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында ашқан «www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы» ғылыми жобасы жеңіп алды.
«Үздік электронды оқу контенті» педагогикалық инновациялық өнім аталымы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Т.Қонақбаеваға бұйырды. Сонымен қатар, Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының мұғалімі Г. Наушабаева – «Үздік оқу-әдістемелік құрал», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры К.Жайдарбекқызы –
«Үздік электронды оқулық», Қарағанды қаласы №9 гимназияның мұғалімдері Е.Ильина және О.Волынская – «Үздік шебер-сынып» - номинациялар бойынша үздік шықты.
Жаңа Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау бағытында педагогтар қауымын алда ауқымды істер күтіп тұр!
Клара БУЗАУБАКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор.
Научная стажировка докторанта
С 1 по 31 марта докторант образовательной программы «8D05311-Химия» Станислав Котов прошёл стажировку в лаборатории промышленной химии и технологии (Laboratory of industrial chemistry and reaction engineering), Академии Або (Abo Akademi University), Турку, Финляндия. Во время стажировки докторант, совместно с коллегами из Академии Або и Университета Турку, проводил исследование разработанных катализаторов для углекислотной конверсии метана. Стоит отметить, что указанная лаборатория является крупнейшей лабораторией химической технологии в Финляндии и во время стажировки удалось поработать на современном аналитическом оборудовании, позволяющем увеличить качество проводимого исследования в несколько раз, а также перенять важный практический опыт у Финских коллег. По результатам стажировки были достигнуты договорённости продолжения проекта исследования ряда катализаторов для получения синтез-газа.
Қазақстан ғылымының көкжиегі: жастар және ғылым
Құрметті білім алушылар!
Сіздерді 12 сәуір Ғылым күніне орай өткізілетін «Қазақстан ғылымының көкжиегі: жастар және ғылым» атты ашық сұхбатқа шақырамыз! Ғылым жолын таңдап жүрген жастар мен ғалымдардың арасында ашық та шынайы сұхбаттың куәсі болғыңыз келсе, келіңіз.
Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторы. Цифрлы әлемдегі заманауи ғылым, соның ішінде ұлттық ғылым саласы туралы өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Ұйымдастырушы: Филология және журналистика кафедрасы, «Дарын» СҒҮ
I –ый ОТБОРОЧНЫЙ ТУР КОНКУРСА «БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022»
27 апреля 2022 года, в рамках реализации Государственной Программы «Рухани жаңғыру», а также празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан, Года народного творчества и культурного наследия СНГ, состоится большое и значимое событие в культурной жизни студенческой молодежи средних, средне-специальных учебных заведений г. Тараз и районов Жамбылской области - II-ой Открытый региональный конкурс юношеского творчества «БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022» - «НАСЛЕДИЕ ПРЕДКОВ-2022», организованный профессорско-преподавательским составом кафедры «Дизайн и индустрия моды» факультета «Искусство и спорт».
Цель конкурса: развитие и популяризация художественного творчества будущих специалистов индустрии дизайна в Республике Казахстан; выявление молоды талантов в области изобразительного искусства, поддержки их дальнейшего духовного, личностного и профессионального становления.
Основные задачи конкурса: выявление и поддержка креативно-мыслящих, талантливых молодых людей в области дизайна; создание безграничного пространства для их духовного, культурного, образовательного развития, раскрытия их потенциала и самореализации, приобщение к процессу познания и осмысления истоков народного творчества; формирование уважения к историческому наследию и культурным ценностям народов РК; создание интерактивной площадки для реализации творческих идей авторов.
Мероприятие проводится с целью проведения профориентационной работы для выпускников школ и колледжей.
Сегодня состоялся I-ый отборочный тур конкурса, в котором приняли участие более 70 конкурсантов, подавших заявки, в том числе, учащиеся средних школ № 4, 16, 34, КГУ гимназии № 40, школ-гимназий № 39, 41, 53, школы-лицея №13, КГУ школа №125 «ЮСТАДИ», cпециализированной школы №3 для одаренных детей с обучением на трех языках. Кроме того, работы представили также ученики старших классов школ районов Жамбылской области: Жамбылского района (с. Жамбыл, с.Аса), школы-гимназии имени Б. Момышулы (с. Аса), средних школ района Турара Рыскулова (с.Алғабас, с. Бірлес), школы имени Н. Акшабаева (с. Красная звезда), Центра технического творчества и профориентации (с.Аса), а также учащиеся выпускных курсов ТОО Таразского специализированного колледжа, ГККП Жамбылского высшего политехнического колледжа, колледжа модельного искусства и бизнеса «Аспара» и студенты 1 курса Таразского регионального университета.
В работе жюри I-ого отборочного тура конкурса приняли участие ведущие преподаватели кафедры: А.К. Кудабаева – заведующая кафедрой «Дизайн и индустрия моды», кандидат технических наук, член Союза Дизайнеров Казахстана, член Союза художников РК; Б.М. Уалиев – кандидат технических наук, доцент, член Евразийского Союза дизайнеров, член Союза художников РК; Ж.Б. Гаазе – доцент, член Союза художников РК; Ж.М. Егизеков – старший преподаватель кафедры, член Евразийского Союза дизайнеров. Согласно решения жюри все представленные творческие работы учащихся и студентов прошли на заключительный этап конкурса.
ГУЛЬНАРА СМАГУЛОВА – старший преподаватель
кафедры «Дизайн и индустрия моды»
факультета «Искусство и спорт», координатор конкурса.
Келесі оқу жылының пәндеріне тіркеу
Құрметті Дулати университетінің студенттері! 8-16 сәуір аралығында келесі оқу жылының пәндеріне онлайн тіркеу жүргізіледі. Кіру "Сириус" АСУО порталы арқылы жүргізіледі. Пәндер мен оқытушыларды таңдауға асығыңыз!
Регистрация на дисциплины следующего учебного года
Дорогие студенты Университета Дулати! С 8 по 16 апреля будет проводиться онлайн регистрация на дисциплины следующего учебного года. Вход через портал АСУО "Сириус". Успейте выбрать дисциплины и преподавателей!
Хабарландыру!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жарғысына (18 бөлім, 23 тарауына) сәйкес, университеттің басқарма төрағасы-ректоры жыл сайын оқу орнының стратегиялық жоспары және даму жоспары бойынша басқару органдары мен жұртшылық алдында есеп беріп, кездесу өткізетіні белгілі.
Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұловтың жұртшылықпен кездесуін 21 қаңтар күні сағат 15.00-де Төле би көшесі №62 мекен-жайында орналасқан оқу корпусының АКТ залында өткізу жоспарланған.
Құрметті облыс тұрғындар!
Сіздерді толғандырған сұрақтар болса, кездесуге арнайы шақырамыз.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті