Super User

Super User

Понедельник, 13 сентября 2021 05:44

ONLINE LEARNING DEPARTMENT

11 сентября 2021 года кураторами 1 курса образовательной программы 6В05314-Химия  кафедры «Химия и химическая технология» на платформе ZOOM была проведена встреча на тему «Профилактика правонарушений несовершеннолетних студентов».

2021 жылдың 11 қыркүйегі күні «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасы 1 курс кураторларының ұйымдастыруымен  ZOOM  платформасында «Кәмелетке толмаған студенттердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Пятница, 10 сентября 2021 11:06

Өзекті ақпарат | COVID-19

Loading...
Loading...

 

Кыркүйек айының 14-і күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінің № 1,2,3 жатақханасында орналасқан 1-4 курс студенттерімен «Сауран» медициналық орталығының дәрігерлері Рустемов Ибраш, Абденбаев Кемел Түймебекович студент жастармен кездесіп,  Коронавирустық инфекция COVID-19-дан сақтану шаралары бойынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Маска киюінің пайдасы, резеңке қолғаптарды кию тиімділігі, ауруды жұқтырудан аулақ болу үшін ауру адамдармен қатар жүргенде қашықтықты сақтау және олармен тікелей байланыста болудан аулақ болып 1 метр қашықтықты сақтау шаралары жайында айтылды. Сондай-ақ студенттер  дәрігерлерге түрлі сұрақтар қойып пікір алмасты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік қызметкерлері арасында вакцинациялау барысы туралы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде коронавирустық инфекцияның алдын алу науқаны және ұжым мен студенттерді вакцинациялау науқаны басталғалы бері оқу ғимараттары, студенттер жатақханасындағы (жалпы лицензия № 21016036)  4 медициналық пунктте 2 медициналық қызметкер жұмысы ұйымдастырылды.

Университетте коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға және қызметкерлердің, студенттер мен талапкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға бағытталған, ғимараттар мен жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, қолды тазартатын санитайзерлерді орнату, күніне кемінде екі рет едендер мен жиһаздар бетін өңдеуді, дезинфекциялаушы құралдарды қолдану арқылы дымқыл тазалауды қамтамасыз ететін, бөлмелерді желдету, дезинфекциялау шаралар кешені жүргізілді.

Барлық ғимараттар мен жатақханалардағы санитарлық-гигиеналық тораптар санитайзерлермен/антисептикалық құрал дозаторларымен жабдықталған. Дезинфекциялық туннельдер оқу ғимараттары мен жатақханалардың кіреберісінің алдында орнатылды. Корпустың кіре беріс тораптары байланыссыз жылу көрсеткіштермен жабдықталған. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады. Қызметтік бөлмелер бактерицидті шамдармен дезинфекцияланады.

«Даримет» медициналық орталығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтерді келісімшарт негізінде көрсетуі университеттің оқу ғимараттарында ұйымдастырылған.

3 мемлекеттік емхана мен 7 жеке медициналық орталықпен бірге студенттерді міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызметтерді алуға бекіту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

02.06.2021 жылдан бастап барлық оқу корпустары мен студенттер жатақханаларында QR коды бар «Ашық» жүйесі енгізілді және жұмыс істейді.

 
 

Вакцинация қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары келесі іс-шараларда жүргізіледі:

- 2021 жылдың 3 тамызында университет сайтында және әлеуметтік желілерде ректор Т.І. Ешенқұловтың оқытушыларға, қызметкерлерге, студенттерге, ата-аналар қауымына, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарына үндеуі жарияланды;

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге университеттің технологиялық корпусында екпе станциясы ұйымдастырылды, оның ішінде Тараз қаласының тұрғындары үшін, 2021 жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша Sputnik V, QazVac, Hayat-Vax -пен 863 адам егілді;

- медицина мамандары – эпидемиолог-вирусологтардың оқытушылармен, қызметкерлермен және студенттермен, оның ішінде жатақханада тұратындармен онлайн және офлайн форматта 7 кездесу ұйымдастырылды;

- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша университеттің жұмысын қамту үшін арнайы медиа -жоспар әзірленді және іске асуда;

- студенттерді вакцинациялауға шақырған ерікті студенттердің хабарламалары мен постары жарияланды:

- челлендж форматында акциялар өтті, оған университет басшылары мен профессорлық -оқытушылар құрамы қатысты:

- «Сіз вакцина салдырдыңыз ба?» тақырыбында 595 студенттің қатысуымен сауалнама-викторина өткізілді;

- әлеуметтік желілерде және студенттік топтардың WatsApp-чаттарында 5 мемлекеттік тілде және 2 орыс тілінде бейнероликтер дайындалып, таратылды:

- екпені бірінші болып қабылдаған 23 оқытушыға университет кәсіподақ комитеті Ыстықкөлде демалуға жолдамалар берді;

- қала көшелеріне екпе тақырыбында 2 баннер қойылды:

- Оқу ғимараттарының лед-экрандарына 6 тақырыптық бейнероликтер орналастырылған;

- студенттермен және олардың ата-аналарымен 530 академиялық топтардың кураторлары ZOOM платформасында видео байланыс арқылы факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен тәрбие сағаттарын тікелей трансляциялады.

- факультеттер басшылығы студенттер мен олардың ата -аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шалғайдағы студенттердің тұрғылықты мекен -жайларына кураторлардың іссапарын ұйымдастырды.

2021 жылдың 4 тамызына өткізілген іс -шаралардың нәтижелері бойынша профессор-оқытушылар құрамының 78,49%, әкімшілік-басқару қызметкерлерінің 61,97% және университет студенттерінің 61,74% екпе қабылдады.

Пятница, 10 сентября 2021 11:05

Іс-шаралар алгоритмдері | COVID-19

Пятница, 10 сентября 2021 11:04

Вакцинация | COVID-19

Құрметті, М.Х. Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері! Сіздердің университет қабырғасындағы оқу жылдарыңызды пайдалы өткізіп, жоғары білікті маман боласыздар деп үміттенеміз!

Дулати Университеті – бұл студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің үлкен ұжымы. Сіздер өздеріңізді университет қоғамдастығының толыққанды мүшесі ретінде сезініп, студенттік өмірге белсенді араласқандарыңызды қалаймыз.

Сабаққа қатысу үшін барлық санитарлық талаптарды сақтап, университеттің әр студенті екпе салдырып, ұжымдық иммунитетке өз үлесіңізді қосуыңыз керек! Бұл Сізді және жаныңыздағы адамдарды - сіздің отбасыңызды, курстастарыңызды және оқытушыларды қорғайды.

Пандемия жағдайында біз екінші жыл өмір сүріп жатырмыз, ал екпе салдыру – бұл пандемиядан шығудың жалғыз жолы!

Маңызды медициналық факт: екпе салдырудан кейінгі антиденелер тез арада шығарылмайды, бұл уақытты қажет етеді. Сондықтан біз қазір екпе алуымыз керек, сонда ғана біз өзімізді қорғай аламыз.

Екпе салдырып, білімгерлер мен оқытушылар арасында сапалы  білім алуға қол жеткізейік!

Екпе салдыру пункттері күн сайын қалалық емханалар мен университеттің медициналық пункттерінде жұмыс істейді.

Университеттің медициналық пункттері

ТАӘ

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Асанова Аида Куралбековна

Сәтпаев к-сі, 28 (Жастар сарайы),

№2 Медпункт

8 705 830 27 52

2

Шадозымова Айнура Жалдыбаевна

Жамбыл даңғылы, 16а, №3 жатақхана

8 777 117 25 05

Қалалық емханалар

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

№8 «МЕЙІРІМ» қалалық емхана

Байзақ батыр көшесі, 204

8 (7262) 46-26-74

8 (7262) 46-80-08

8 (7262) 46-18-07

2

"САДЫХАН" ЖШС өңірлік консультативтік-диагностикалық орталығы

Төле би көшесі, 64

8 (7262) 45-83-95

3

«SAURAN» Медициналық орталығы

Қойбақов көшесі, 14

8 (7262) 54-14-79

4

«ZHANUYA» Медициналық орталығы

Пушкин к-сі, 41

8 (7262) 43-19-27

5

«ALMAZ» Medical Group Медициналық орталығы

Мыңбұлак ш.а. (9), 7

8 771 930 02 14

6

№5 қалалық емхана

Рыспек батыр көшесі, 5

8 (7262) 94-10-77

8 (7262) 56-91-97

7

№2 қалалық емхана

Салтанат ш.а. (4), 49а

8 (7262) 54-20-21

8 (7262) 54-08-80

8

№7 қалалық емхана

Рафинадная көшесі, 13

8 (7262) 46-62-84

9

№6 қалалық емхана

Д. Бедный көшесі, 33

8 (7262) 46-38-97

8 (7262) 46-89-04

8 (7262) 46-44-14

10

№9 қалалық емхана

Сүлейменов көшесі, 4

8 (7262) 45-86-09

Пятница, 10 сентября 2021 11:03

Нормативтік құжаттар | COVID-19

Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы

«Ashyq» жобасын енгізу туралы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Covid-19 бойынша іс-шаралар Алгоритмін бекіту туралы 21.09.2021 ж. Ғылыми кеңестің №1 хаттамасы

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы

Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы

Пятница, 10 сентября 2021 11:02

Ashyq | COVID-19

AshykAshyq жобасының мақсаты

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялануға және келушінің мәртебесін: «ол осы сәтте вирус тасымалдаушы ма, жоқ па...» анықтауға мүмкіндік береді.

Бизнес үшін бұл - карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға, сондай-ақ Covid-19 таралу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді және  жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқартады.

Қосымшаны пайдалану - кәсіпкерлер үшін де, азаматтар үшін де тегін.

Бұның халыққа қандай пайдасы бар?

Қауіпсіздік. Бүгінгі күні COVID-19-дың кез келген түрімен (симптомдық  не симптомдық   емес) ауырған әрбір адам үй жағдайында карантин режимін сақтауға міндеттеме алады және оны қолхатта өзі қол қою арқылы растайды. Алайда, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу фактілері көптеп кездеседі. Ауырған немесе жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.

Қосымша осындай келушілерді анықтауға мүмкіндік береді және басқа қонақтар мен персоналға вирус жұқтыруға жол бермейді.

Ashyq қосымшасы қалай жұмыс істейді және оны қалай пайдалануға болады? 

Ashyq сервисі тегін мобильді қосымшалар түрінде iOS және Android-те, сондай-ақ веб-нұсқа арқылы қолжетімді. Болашақта оны басқа да әлеуметтік маңызды eGov Mobile сияқты мобильді қосымшалармен және банктердің қосымшаларымен интеграциялау жоспарланып отыр.   

Қосымшамен жұмыс істеу процесі былайша болады:

Ashyq жобасының қатысушысы болып табылатын мекемеге кірген кезде келуші өз телефон нөмірі арқылы қосымшаға кіріп авторизациядан өтеді, өзінің ЖСН енгізеді және өзінің келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-код сканерлейді.

Түс түріндегі бұл мәртебені мекеменің жауапты қызметкеріне көрсету керек, түсіне байланысты сізді кіргізеді немесе мекемеге кіруге рұқсат бермейді. 

  • Қызыл мәртебе қозғалысты шектеу, амбулаторлық қадағалаудағы тұлғалар үшін   үй оқшауының қатаң режимін сақтау керектігін білдіреді.
  • Сары  –қозғалысты ішінара шектеу - пайдаланушы коронавирустың ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде белгіленген болса: пациентке үй оқшауының режимін қатаң сақтайтын орыннан 500 метрден ары емес орналасқан азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. 
  • Көк мәртебе – ПТР міндетті болатын орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеу қойылмайды. 
  • Жасыл мәртебе қозғалысқа шектеу жоқ және пайдаланушы деректер қорында COVID-19-ға ПТР тесттен теріс нәтиже көрсеткен ретінде белгіленген дегенді білдіреді.

Егер келуші кірген кезде Ashyq пайдаланудан бас тартса, онда мекеме оған қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы, өйткені клиент вирусты таратудың әлеуетті көзі болуы мүмкін және айналасындағыларға әрі персоналдарға қауіп төндіруі ықтимал. 

Маңызды!  ЖСН туралы деректер ешқайда берілмейтіндігін,  қосымшаның профилінде қалатындығын атап өткен жөн.  ЖСН бойынша QR-кодты сканерлеу кезінде пайдаланушының мәртебесі ғана тексеріледі.

Одан басқа,  қосымшада халықтың қозғалысын қадағалау мақсаты жоқ,  оның міндеті – жұқтырғандар мен байланыста болған тұлғаларға қоғамдық орындарға кіруді шектеу әрі ауру тәуекелін азайту.

Азаматтарға консультация беру үшін Call-центр– 1414.

Пятница, 10 сентября 2021 11:01

COVID-19

Коронавирустар- бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен отбасы. 2019 жылдың  жаңа коронавирусы (2019-nCoV) — бұл Уханьда(Қытай) алғаш рет анықталған респираторлық аурудың шығуына себеп болатын вирус.

Хабарламалар бойынша, ерте кезеңдерде Уханьдағы аурудың өршуіне қатысқан емделушілердің көбі Қытай, теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі нарығымен байланысты болды, бұл адамнан адамға таралуды көздейді. Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасында вирустың пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша жұмыс істейді.

Аурудың белгілері мен қасиеттері:

  • температураның көтерілуі, ыстық;
  • құсу;
  • диарея;
  • жөтел;
  • пневмония;
  • ентігу.

Прогрессия жағдайында, науқаста өлімге әкелетін өте ауыр асқынулар дамуы мүмкін:

  • өкпе жеткіліксіздігі;
  • бүйрек жеткіліксіздігі;

Коронавирус адамнан адамға қалай беріледі

  • 2019-nCoV алдыңғы коронавирустар мен тұмау сияқты берілетіні болжанып отыр;
  • Науқас адаммен тікелей байланыс арқылы;
  • Түшкіру немесе жөтел кезінде;

Науқас адамның жеке заттарымен және ыдыстарымен қарым-қатынас жасау арқылы

Жаңа коронавирус 2019-NCOV қорғау әдістері

  • Ауру адамдармен және олардың заттарымен жанасудан барынша аулақ болыңыз. Мәжбүр болған жағдайда маска киіңіз.
  • Жақсы қол гигиенасын ұстаңыз. Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдарын (тері антисептиктерін), әсіресе жөтелгеннен, жуудан немесе дәретханаларды пайдаланғаннан кейін, тамақ өңдеуден немесе дайындаудан бұрын, сондай-ақ науқастармен немесе олардың жеке заттарымен жанасқаннан кейін пайдаланыңыз.
  • Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз. Егер сізге майлықтар қол жетімді болмаса алақандарды қолданбай түшкіру кезінде шынтақ иісін мұрын мен ауызды жабу үшін пайдаланыңыз.
  • Адамдар көп жиналатын жерлерде маска киіңіз.
  • Жалпы алғанда жақсы гигиеналық әдеттерді ұстаңыз.
  • Көз, мұрын, бет жанасудан барынша аулақ болыңыз.
  • Көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият жуыңыз.
  • Теңдестірілген тамақтану, дене шынықтырумен айналысу, сондай-ақ толыққанды сегіз сағаттық ұйқы сіздің ағзаңыздың иммундық жүйесін жақсы жағдайда қолдауға көмектеседі
Страница 250 из 453
Top